Ақтөбедегі зауытта болған қайғылы жағдай: цех пен бөлім басшысы ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбедегі зауытта болған қайғылы жағдай: цех пен бөлім басшысы ұсталды Фото: pixabay.com

Ақтөбе Хром қосындылары зауытында жұмысшылар қаза тапқан соң №4 цехтің басшысы мен бөлім басшысы және учаске мастері ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық іс аясында сыйымдылығы 50 текше метр бакты тазалау кезінде қауіпсіздік техникасы ережелері сақталмағаны анықталды. Ол жерде бұрын гидроксил химиялық заты сақталған.

"№4 цехтің басшысы мен бөлім басшысы, учаске мастері ұсталды. Оларға қатысты бұлтарпау шарасы ретінде қамауға алу туралы шешім шығарылды", - деді полицейлер.

Полиция мәліметінше, барлық сараптама тағайындалып, тергеу жүріп жатыр.

Еске салайық, қайғылы оқиға таяуда 28 мамырда болған еді. Резервуарда ыстық бу атқылауынан 4 адам қаза тауып, тағы екі адам ауруханада ауыр жағдайда жатыр. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также

Валюта бағамы

 470.74   537.75   6.17 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +28
Астана +29
Ақтау +30
Ақтөбе +29
Атырау +30
Б
Балқаш +32
Ж
Жезқазған +28
Қ
Қарағанды +28
К
Көкшетау +32
Қ
Қостанай +36
Қызылорда +32
П
Павлодар +31
Петропавл +32
С
Семей +33
Т
Талдықорған +33
Тараз +38
Түркістан +30
О
Орал +28
Ө
Өскемен +35
Ш
Шымкент +30

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер