11 наурыз 2020 17:53

Ақтөбелік әйел кәсіпкерге тендерде ұтуға көмектесемін деп 32 миллион теңге жымқырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбелік полицейлер 6 кәсіпкерден ірі сомадағы ақшаны алаяқтықпен жымқырды деген күдікпен 33 жастағы әйелді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.


Ақтөбелік полицейлер 6 кәсіпкерден ірі сомадағы ақшаны алаяқтықпен жымқырды деген күдікпен 33 жастағы әйелді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметінше, әйел 1 жыл көлемінде алаяқтық әрекеттер жасаған.

"Алаяқ жеке кәсіпкерлердің сеніміне кіріп, алдап, олардан ірі сомада ақша алып, тендер арқылы жұмысқа алуға көмектесуге уәде берді. 019 жылдың желтоқсанында күдікті кәсіпкердің сеніміне кіріп, алдау жолымен 8 миллион теңге алған. 2019 жылдың желтоқсанында тағы да 2 кәсіпкерді алдау жолымен 8 және 7,8 миллион теңге көлемінде ақша жымқырған", - дейді полицейлер.

Оған қоса, 2020 жылдың қаңтар айында кезекті құрбаны Ақтөбе қаласының 37 жастағы кәсіпкерге тендерде ұтуға көмектесем деген сылтаумен 32,2 миллион теңге көлемінде ақшаны жымқырған.

Полиция мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети