1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Алаяқ жігіт "науқас" анасына көмек сұрап, жүзге жуық адамды алдаған 25 қаңтар 2021, 14:25

Павлодар тұрғыны "анам қатты ауырып жатыр" деген желеумен жүзге жуық адамды алдаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Павлодар тұрғыны "анам қатты ауырып жатыр" деген желеумен жүзге жуық адамды алдаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодарлық жас жігіт анасының емделуіне ақша аударуды өтінген. Көбіне қыздар алданып қалған.

Полицияның мәліметінше, сот оған қатысты 3,6 жылға бас бостандығынан айыру және 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тарту туралы үкім шығарған.

Қылмыстық іс материалдары бойынша жас жігіт Instagram желісіндегі парақшасында өзінің Ресейде екенін, ал науқас анасы Екібастұзда тұратынын және оған емделу үшін шұғыл ақша керегін хабарлаған.

"Алаяқ Instagram желісінде жалған парақшалар ашып, негізінен, қыздармен танысқан. Кейін анасының емделуіне ақша аударуды өтініп, қыздардан банк шоттарының деректемелерін және жеке деректерін беруді сұраған. Алынған мәліметтер бойынша онлайн-несие рәсімдеген", - деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Ельдар Әбдікенов.

Полицияның мәліметінше, Павлодар тұрғыны 92 қазақстандықты алдаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!