Алаяқтық жасады деген қазақстандық Ресейден экстрадицияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алаяқтық жасады деген қазақстандық Ресейден экстрадицияланды Бейнеден алынған кадр

Ресей Қазақстанға алаяқтық жасады деген күдіктіні экстрадициялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.


Ресей Қазақстанға алаяқтық жасады деген күдіктіні экстрадициялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Тергеу барысында күдіктінің 2023 жылы интернет-сайттарда шетелдік көліктерді сату туралы көрінеу жалған хабарландырулар орналастыру арқылы жеті азаматтың ақшасын жымқырғаны анықталған.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті бой тасалаған, соған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланған.

2025 жылдың шілдесінде ол Белгород облысында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалған.

Тағылған айыптар бойынша мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Грекиядан Қазақстанға аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деп күдіктелген әйел адам экстрадицияланды. Қылмыс сонау 2021 жылы жасалған болатын.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 463.09   541.61   6.19 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер