05 тамыз 2015 12:21

"Әліби ісі" бойынша үкімнің қашан шығатыны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

"Әліби ісі" бойынша үкімнің қашан шығатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сонымен, Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соттың мәліметінше, күдіктілер Қайрат Жамалиевке, Арман Әбілтаевке, Анатолий Прибытковқа сот үкімі 7 тамызда шығады. 


"Әліби ісі" бойынша үкімнің қашан шығатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сонымен, Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соттың мәліметінше, күдіктілер Қайрат Жамалиевке, Арман Әбілтаевке, Анатолий Прибытковқа сот үкімі 7 тамызда шығады. 

Осыған дейін мемлекеттік прокурордың істегі басты күдікті кәсіпкер Қайрат Жамалиевті 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрағаны хабарланған еді. Сонымен қатар, ол Әбілтаевті мүлкін тәркілей отырып 8 жылға бас бостандығынан айыруды, ал Прибытковты 7 жылға бас бостандығынан айыруды талап еткен еді.

Айта кетейік, осы іс бойынша басты сот отырысы 11 маусымда басталған болатын. Ол кезде сот алдына Қайрат Жамалиев пен Анатолий Прибытков келді. Арман Әбілтаев болса ол кезде іздеуде болған. Сот процесі басталғаннан кейін бір аптадан соң Әбілтаев ұсталды. 2 шілдеде Әбілтаевтың ісі прокуратурадан мамандандырылған ауданаралық сотқа жолданды. 

Еске сала кетейік, сот процесі жабық түрде өтіп жатыр. Соттың мәліметінше, процеске қатысушылар Әбілтаевтың кінәсін дәлелдейтін айғақтар іздеп жатыр, ал ол өзі кінәсін мойындаған жоқ. Осыған орай Әбілтаев пен Жамалиевтің істері біріктірілді. Процесс қатысушылары куәгерлердің сөздерін тыңдап, іс материалдарын қайта қарайды. Айта кетейік, Астана тұрғыны Әліби Жұмағұловты ұрып-соғуға байланысты дау биылғы сәуірде басталған еді. Жігіттің әкесі Нұрлан Жұмағұлов әлеуметтік желіге баласының суретін салып, оны қаладағы белгілі кәсіпкер Қайрат Жамалиев ұрды деп хабарлады. Кейін кәсіпкер ұсталып, екі айға қамауға алынды. Айыпталушы Жамалиев пен Прибытков кінәларын мойындаған жоқ, олар өздеріне тағылған айыппен келіспейді. Қайрат Жамалиев Әліби Жұмағұловқа тек дене жарақатын салдым деп отыр.

 
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети