Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Әліби ісі: Прокурор Жамалиевті 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

04 Тамыз 2015, 16:02
0
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Әліби ісі: Прокурор Жамалиевті 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады,-  деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Maitre.kz басылымына сілтеме жасап.

Тараптарды қатар тыңдау барысында мемлекеттік айыптаушы Нұралы Бейсембаев кәсіпкер Жамалиевті мүлкін тәркілеу арқылы 10 жылға бас бостандығынан айыруды, Әбілтаевті мүлкін тәркілей отырып 8 жылға бас бостандығынан айыруды, ал Прибытковты 7 жылға бас бостандығынан айыруды талап етті.

Айта кетейік, осы іс бойынша басты сот отырысы 11 маусымда басталған болатын. Ол кезде сот алдына Қайрат Жамалиев пен Анатолий Прибытков келді. Арман Әбілтаев болса ол кезде іздеуде болған. Сот процесі басталғаннан кейін бір аптадан соң Әбілтаев ұсталды. 2 шілдеде Әбілтаевтың ісі прокуратурадан мамандандырылған ауданаралық сотқа жолданды. 

Жәбірленуші Әліби Жұмағұловтың мүддесін сотта екі адвокат қорғап отыр. © Tengrinews.kz. 

Еске сала кетейік, сот процесі жабық түрде өтіп жатыр. Соттың мәліметінше, процеске қатысушылар Әбілтаевтың кінәсін дәлелдейтін айғақтар іздеп жатыр, ал ол өзі кінәсін мойындаған жоқ. Осыған орай Әбілтаев пен Жамалиевтің істері біріктірілді. Процесс қатысушылары куәгерлердің сөздерін тыңдап, іс материалдарын қайта қарайды.

Сотталушылар Қайрат Жамалиев пен Анатолий Прибытков. ©Tengrinews.kz

Айта кетейік, Астана тұрғыны Әліби Жұмағұловты ұрып-соғуға байланысты дау биылғы сәуірде басталған еді. Жігіттің әкесі Нұрлан Жұмағұлов әлеуметтік желіге баласының суретін салып, оны қаладағы белгілі кәсіпкер Қайрат Жамалиев ұрды деп хабарлады. Кейін кәсіпкер ұсталып, екі айға қамауға алынды. Айыпталушы Жамалиев пен Прибытков кінәларын мойындаған жоқ, олар өздеріне тағылған айыппен келіспейді. Қайрат Жамалиев Әліби Жұмағұловқа тек дене жарақатын салдым деп отыр.

 

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай