24 шілде 2015 16:02

Алматы ауруханасында жаңа туылған сәбилер сатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© mimi-gallery.com © mimi-gallery.com

Алматы ауруханасында жаңа туылған сәбилердің сатылғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы прокуратурасының әлеуметтік-экономика саласының заңдылығын қадағалау департаменті басшысының орынбасары Дінмұхамет Серікбаевқа сілтеме жасап.


Алматы ауруханасында жаңа туылған сәбилердің сатылғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы прокуратурасының әлеуметтік-экономика саласының заңдылығын қадағалау департаменті басшысының орынбасары Дінмұхамет Серікбаевқа сілтеме жасап.

"Кәмелетке толмағандарды сатудың схемасы анықталды, ол Алматы облысының тұрғындарына қызмет көрсетуші Алматы көп салалы клиникалық ауруханасының қызметкерлерімен жүзеге асқан. Атап айтқанда, Шавдунова мен Сауытованың аурухана қызметкерлері бола тұра бес жыл бойы түрлі сомада жаңа туылған сәбилерді сатумен айналысқандары анықталды", - деді Серікбаев ОКҚ филиалында өткен брифинг барысында.

Оның айтуынша, тексеру барысында аурухананың акушер-гинекологы мен медбикелерінің де бала сатумен айналысқандары белгілі болды. "Тексеру барысында жаңа туылған сәбилерді сатуға байланысты бес дерек тіркелді, балалар жалпы сомасы 10 мың доллар және 150 мың теңгеге сатылған. Бұл деректерге қатысты қылмыстық іс қозғалды, күдіктілер тұтқынға алынды. Қылмыстық іс қазіргі таңда тергеу органдарында өндірісте жатыр", - деді спикер.

Еске сала кетейік, бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облысындағы №1 перинаталдық орталықта бас тартылған-жаңа туылған сәбилердің сатылып келгені хабарланған болатын. Ол кезде жаңа туылған нәрестелерді сатты деген күдікпен №1 перинаталдық орталықтың бөлім меңгерушісі мен неонатолог-дәрігері ұсталды. Олар белгілі бір уақыт ішінде баласыз отбасыларға, аналары босана салып бас тартқан сәбилерді сатып отырған. Сәбилердің құны 1-ден 3 мың долларға дейінгі аралықта болған. Сәбидің жаңа анасына ол перинаталдық орталықта босанды деп құжат рәсімделген.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети