20 қазан 2020 18:16

Алматы - Бішкек тасжолында көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып өлтірген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Алматы-Бішкек тасжолында адам өліміне әкелген апат болды. Бұл туралы ақпарат Желіде жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы-Бішкек тасжолында адам өліміне әкелген апат болды. Бұл туралы ақпарат Желіде жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрлардан әйел адамның мәйітті ақ түсті матамен жауып жатқанын көруге болады.

"Алматы - Бішкек тасжолы, Сауыншы ауылына қарама-қарсы жолда көлік жаяу жүргінші өткелінде адамды қағып өлтірген", - делінген жазбада.

Полиция қызметкерлері бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді. 

«Алматы облысының полиция департаменті бұл апат 20 қазанда сағат 08.00 шамасында Алматы - Бішкек тас жолының 42-шақырымында болғанын хабарлайды. "Шевроле Круз" автокөлігінің жүргізушісі шығыс бағытқа бара жатып, Еңбекшіқазақ ауданының 51 жастағы тұрғынын қағып кетті. Жаяу жүргінші алған жарақаттарынан апат орнында қаза болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам жолды арнайы белгіленген жерде өтіп бара жатқан. Бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 1-ескертуіне сәйкес іс қозғалды. Барлық қажетті сараптама тағайындалды", - деді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети