06 қыркүйек 2021 17:06

Алматы денсаулық сақтау басқармасындағы ақша жымқыру ісі: экс-шенеунік видеоүндеу жасады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған Видеодан алынған

Алматыда ақша жымқырды деген айып тағылып, сотталған экс-шенеунік Қазақстан Президентіне видеоүндеу жолдады. Видео әлеуметтік желілерде үкім шыққаннан кейін бірден жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда ақша жымқырды деген айып тағылып, сотталған экс-шенеунік Қазақстан Президентіне видеоүндеу жолдады. Видео әлеуметтік желілерде үкім шыққаннан кейін бірден жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл - Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары Әсел Бисенбаева туралы. Ол аса ірі көлемде, яғни 234 миллион теңге бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінген. Экс-шенеуніктен басқа, айыпталушы тарапта бес адам болған. Қылмыстық іс бойынша барлық айыпталушы 3 жылдан 7,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылған. 

Сотталушы ұстанымы

Сот үкімінен кейін Бисенбаева Facebook-парақшасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан қорғауды сұрап, видео жариялады. Әйел кінәсіз екенін айтып, объективті тергеу жүргізілгенін қалайтынын айтты.

"Былтыр 1 маусымында ҚДСБ басшысы болып Камалжан Надыров келді, ал 24 маусымда ол өз еркімен жұмыстан шығу туралы арыз жазуымды тапсырды. Мен жаздым, кейін бір ай жұмыс істедім. 23 шілдеде мен электрон кілттеріммен Мемлекеттік сатып алу порталында шартқа қол қойылатынын білдім. Бірде-бір қағаз келісім-шарт, хаттамаға менің қолыммен қол қойылмаған, келісілмеген.

Надыровтың сенімді адамдары неге бұлай болғаны туралы шағымдарыма "қандай кілттер болды, солармен қол қойылды" деп жауап берді. (...) Кейін мен кілттерді бұғаттадым, бірақ 27 шілдеде маған "Надыровтың адамы" келіп, кілттерді беруімді сұрады. Өйткені пациенттер мен дәрігерлерге тамақ, су және бір рет қолданылатын маскалар қажет, сонымен қатар медициналық жабдықты жеткізу керек. Ол бәрі заң бойынша жүргізіліп, мемлекеттік сатып алу порталындағы барлық рәсімдер дұрыс болатынына кепілдік берді", - деді ол.

Сондай-ақ Бисенбаева жеткізушілермен жасасқан келісімін және оның пайдасын растайтын бірде-бір дәлел жоқ екенін айтты.

"(...) Мен бұл істі объективті және толық тергеуге жәрдемдесуді және дұрыс әрі әділ шешім шығаруды сұраймын. Мен бұған лайық емеспін: қазір болып жатқан дүние - әділетсіздік. Менің сыбайлас жемқорлыққа қатысым жоқ", - деп қосты сотталған шенеунік.

Адвокат ұстанымы

Оның адвокаты Мұрат Амитов та өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, айыптаудың барлық дәлелі сотта расталған жоқ. Сондай-ақ, ол Бисенбаеваның кінәсіздігі туралы барлық дәлел сотқа ұсынылғанын айтты.

"Алайда сот басқаша шешім қабылдады. Келісімшартқа қол қою кезінде менің клиентім қалалық әкімдікте болды. Ал келісімге Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ғимаратында Бисенбаеваның электронды-цифрлық қолтаңбасымен қол қойған. Телефон арқылы Бисенбаевтың шартқа қол қою кезінде ҚДСБ ғимаратында болмағаны дәлелденді.

Сонымен қатар, біреу Бисенбаеваның атынан мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер енгізу туралы бұйрықты қолдан жасады. Бізде сарапшының қорытындысы бар. Егер Бисенбаевтың айыптауы бойынша басқа адамдармен сөз байласқан болса, оның қолын неге қолдан жасау керек?" - деді құқық қорғаушы.

Амитов сотта куәгерлер "ҚДСБ қызметкерлерінің Бисенбаеваның ЭЦҚ-кілттеріне қол жеткізгенін" растағанын мәлімдеді. Ол мұны бухгалтерия мен ҚДСБ Мемлекеттік сатып алу бөлімінің компьютерлерін тексеру арқылы растағанын, онда Бисенбаеваның ЭЦҚ-кілті анықталғанын айтты.

"Нәтижесінде Бисенбаеваның кінәсі жоқтығын растайтын барлық дәлелдемені сот оған қарсы түсіндірді, бұл Конституцияның кепілдіктеріне қайшы келеді. Оның кәмелетке толмаған баласы бүгін жалғыз қалды, өйткені оны тек анасы тәрбиелеп отыр", - деді адвокат және ол үкімге шағымданатынын айтты.

Прокурорлар ұстанымы

Tengrinews.kz Алматы қалалық прокуратурасына жүгінді. Қадағалау ведомствосы былтыр маусымда Мемлекет басшысы пандемиямен күреске бөлінген ақшаның мақсатты пайдаланылуын тексеруді тапсырғанын түсіндірді. Тексеру барысында прокурорлар Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында медицина қызметкерлері үшін 234 миллион теңгеге қарапайым медициналық емес маскалар сатып алғанын анықтады. Осыдан кейін қылмыстық іс қозғалды, оны тергеу қаланың арнайы прокурорларына жүктелген.

"Тексеру 3 тамызда, 17 тамызда тергеу басталды. Медицина қызметкерлеріне бактериологиялық фильтрациясы бар үш қабатты медициналық маскалар сатып алу керек екендігі анықталды. Ал сараптама көрсеткендей, сатып алынған тауар техникалық мамандандыруға сәйкес келмейді", - деді Алматы прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасының бастығы Қанат Күнғожинов.

Ол COVID-19 салдарымен күрес кезінде Қазақстанға медициналық тауарларды әкелу үшін жеңілдетілген нұсқа қабылданғанын айтты. Яғни, шекарада мұндай өнімдер үшін іс жүзінде "жасыл дәліз" жұмыс істеді. Тек өндірушінің сертификаты қажет болады.

"Мердігер бұл маскаларды Қытайдан 2 шілдеде "қарапайым медициналық емес тауар" ретінде әкелді. Құжаттарда бұл медициналық емес маскалар екенін көрсетті. Содан кейін қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына медициналық маскаларды сатып алуға тапсырма келіп түседі және агенттік тендер жариялайды. Дәл осы күні мердігер ҚДСБ-ға медициналық маскаларды әкелуге және кедендік тазартуға рұқсат беру үшін өтініш береді. Олардың бірде-бір құжаты болмаса да, өтінішке қоса берілген қағаздар бұл маскаларды медициналық деп тануға негіз болған жоқ.

Біз бұған назар аудардық, өйткені Бисенбаева осы маскаларды пайдалануға рұқсат беру үшін ДСМ-ге хат жолдады. Сол кезде ол бұған ешқандай себеп жоқ екенін көрді. Әрі қарай рұқсат алынып, контрабандалық жолмен әкелінген маскалар заңдастырылды. Яғни, маскалар медициналық деп танылып, мердігер 20 миллион теңге салық төлемеген", - деді прокурор.

Күнғожинов осыдан кейін мердігер компания бұл маскаларды басқа фирмаға 33 теңгеден сататынын айтты. Ал, кейін қоғамдық денсаулық басқармасына 58 теңгеден сатты. Бұл мәміледе прокурорлар шамамен 100 миллион теңгені есептеді.

"Бисенбаева өз айғақтарында оның атынан келісім-шарттарға қол қойылғанын айтады. Бірақ, заң бойынша, ЭЦҚ-кілттің әдеттегі қолтаңба сияқты күші бар. Сондықтан әрбір ЭЦҚ иесі ол үшін жауап беруі тиіс. Бұдан басқа, ҚДСБ құжаттарында осы маскаларды төлеуге арналған құжат таптық, онда Бисенбаева 28 шілдеде тікелей қол қойып, "төлеуге" нұсқау берген. Бұл құжатта сома, келісім нөмірі және басқа мәліметтер жазылған. Сондай-ақ, бұл құжатқа Мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы Айдар Жұматаев қол қойған. Сараптама бұл олардың қолы екенін көрсетті", - деді Арнайы прокурорлар басқармасының бастығы.

Сондай-ақ, бақылау органында тендерге қатысқан компания туралы да айтылды.

"Тендерді жеңіп алған компанияның бағалар-парағы еш жерде тіркелмеген. Сонымен қатар, тендерге қатысқан компаниялар бұл қылмыстық схемаға қатысушылар өз бағаларын ұсынуды және көріну мүмкіндігін жасауды сұрағанын айтты. Олар сол кезде маскалар жоқ екенін және ешқашан медициналық бұйымдарды сатумен айналыспағанын айтты", - деді прокурорлар.

Қанат Күнғожинов Бисенбаева Қазақстан Президентіне видеоүндеуін жолдап, жұртшылық тарапынан қолдау сұрап жатқанын айтты.

"Менің ойымша, қоғамнан қолдау күту өзін-өзі қорғаудың бір тәсілі. Біз оның видеоүндеуін қараған кезде, ол тек бір ғана ЭЦҚ бойынша айыпталып жатқанын мәлімдейді, бұл енді шындыққа жанаспайды. Себебі айыптау актісі негізінде оның өз қолтаңбасы бар құжаттар, куәгерлердің куәліктері және басқа да дәлелдер болды.

Ол осы тендерден аз уақыт бұрын жұмыстан кетуді сұрағанын айтады. Менің ойымша, білікті, тәжірибесі мол қызметкер өзінің ЭЦҚ-кілттерін артық ешкімге бермейді. Кәсіпқой маман маскалардың техникалық ерекшелігін қалай ескермеуі мүмкін, әсіресе пандемиямен күрес жалғасып жатқан уақытта? Дәл осындай маскалар пандемиямен күресетін медициналық қызметкерлерге арналған, олар медициналық болуы керек екені бәріне мәлім", - деп қорытындылады Күнғожинов.

Айта кетейік, сот шешіміне сәйкес, Бисенбаева мен Жұматаевқа қоса ақша ұрлауды ұйымдастыруға кінәлі деп танылған тағы төрт адам сотталған.

Бұған дейінгі мәлімет бойынша, Бостандық ауданының №2 соты қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы қызметкерлеріне қатысты 2020 жылы медициналық маскаларды ұрлау ісі бойынша үкім шығарған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети