05 қазан 2020 20:46

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшылығына қатысты іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасына қатысты сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе ысырап ету күдігі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қала прокуратурасының редакцияның сауалхатына берген жауабында айтылады.


Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасына қатысты сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе ысырап ету күдігі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қала прокуратурасының редакцияның сауалхатына берген жауабында айтылады.

"Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы" КММ басшылығына қатысты Алматы прокуратурасының тексеру нәтижелері бойынша 2020 жылғы 17 тамызда ҚР Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы ("Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлаймыз. Тергеуді Алматы прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасы жүргізеді, олар бірқатар тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындады, іс бойынша адамдар күдікті деп танылмады. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты сот тергеуіне дейінгі деректердің қалған бөлігі жария етілмейді", - делінген Алматы прокурорының орынбасары Серік Ермекбаевтың қолы қойылған жауапта.

Бұған дейін Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров ведомствода тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлаған болатын.

"Иә, шынымен де Covid-19-бен күресуге бағытталған бюджет қаражатының жұмсалуын бақылауға байланысты іс-шаралар өткізіліп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды ма, жоқ па - айта алмаймын. Менің ойымша, бұл мәселелерді тиісті құқық қорғау органдарына жолдаған дұрыс", - деген еді Надыров.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети