03 шілде 2021 12:31

Алматы облысында 17 жастағы жасөспірім пышақталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: dvinatoday.ru Иллюстрациялық фото: dvinatoday.ru

Алматы облысында төбелес кезінде 17 жастағы жасөспірім пышақталды. Полиция департаменті оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысында төбелес кезінде 17 жастағы жасөспірім пышақталды. Полиция департаменті оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2021 жылдың 30 маусымында "Восточная сказка" отбасылық демалыс аймағында даяшы болып жұмыс істеген Шамалған ауылының тумасы, кәмілетке толмаған балаға бір топ адам шабуыл жасады. Олар 35-40 жаста. Зардап шеккен баланы ұрып, үш жерінен пышақ сұқты", - делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от КАСКЕЛЕН И КАРАСАЙСКИЙ РАЙОН (@kaskelenkz)

Алматы облысы Полиция департаменті оқиғаның Қарасай ауданында болғанын айтты.

"30 маусымда Қарасай ауданы учаскелік полиция бөліміне Алматы-Жандосов автомобиль жолының 31-шақырымында орналасқан "Восточная сказка" демалыс аумағындағы төбелес кезінде 2004 жылғы кәмілеттік жасқа толмаған жасөспірімнің құрсақ қуысына пышақ сұғылып, терең жарақат алғаны жайлы хабарлама түсті. Нәтижесінде ол Қаскелең аудандық орталық ауруханасына жеткізілді", - деді баспасөз-қызметіндегілер.

Сонымен қатар ведомстводағылар дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, Қылмыстық кодекстің 106-бабы, 2-бөлігі "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша соталды тергеу басталғанын айтты.

"Қылмысты жасады деген күдікпен 30 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, уақытша қамау изоляторына қамалды. Қазір істі жан-жақты қарастыру үшін тергеу жұмыстары жүріп жатыр", - деді полиция өкілдері. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети