23 қазан 2020 17:42

Алматы облысында әккі алаяқ ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында әккі алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Алматы облысында әккі алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Дереккөз мәліметінше, соңғы аптада Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы ПБ кезекші бөліміне жақын маңдағы елді мекендердің азық-түлік дүкендерінің алты сатушысы жүгініп, өзін дүкен иелерінің туысы ретінде таныстырған және алдау жолымен сенімге кіру арқылы түрлі маркалы темекі блоктарын қолды қылып, басқа адамдарға қайта сатқан бейтаныс әйелге қатысты арызданған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Еңбекшіқазақ ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Талғар қаласының 26 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

Тексеру барысында оның тегін үш рет өзгертіп, алаяқтық әрекеттері үшін 13 рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны, сонымен қатар еш жерде жұмыс істемейтіні анықталды.

Күдікті әйел алаяқтықтың барлық алты дерегін мойындады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 440.97   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети