25 сәуір 2022 16:40

Алматы облысында белгісіз біреулер итті айуандықпен өлтіріп, ағашқа асып кеткен

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Tengrinews.kz Фото ©Tengrinews.kz

Алматы облысында белгісіз біреулер итті айуандықпен өлтіріп, ағашқа асып кеткен. Оқиға Талғар ауданы Панфилов ауылдық округіндегі тұрғын үйлердің бірінде болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысында белгісіз біреулер итті айуандықпен өлтіріп, ағашқа асып кеткен. Оқиға Талғар ауданы Панфилов ауылдық округіндегі тұрғын үйлердің бірінде болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үй иесінің айтуынша, жануар дәл аулада өлтірілген. Бұл кезде ол баласымен үйде болған.

"Біз күдікті ештеңе естіген жоқпыз. Көршілердің айтуынша, аулада бейтаныс адамдар болған жоқ, барлығы тыныш болатын. Өйткені сол кеште иттер де үрген жоқ. Менің иттерім бейтаныс адамдарды кіргізбейтін еді, бұны таныс адам жасады", - дейді Гүлмира Маликова.

Әйел итті өлтірген бұрынғы күйеуі болуы мүмкін деп күдіктенеді, себебі бұған дейін оған бірнеше рет қысым жасаған. Әйел полицияға арыз жазды. Құқық қорғау органдары кінәліні тапты.

"Талғар аудандық полициясына Панфилов ауылының тұрғынынан оның итін өлтіру дерегі бойынша арыз келіп түсті. Әйелдің айтуынша, Алматы қаласында тұратын бұрынғы күйеуі аула итінің өліміне тікелей қатысы бар.

40 жастағы ер адамнан жауап алынып, ӘҚБтК-нің 407-1-бабы ("Жануарларға қатыгездік көрсету") бойынша әкімшілік іс қозғалды", - деді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети