16 қазан 2018 16:24

Алматы облысында депутат пен оның ұлы пара берді деген күдікке ілінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ugranow.ru © ugranow.ru

Алматы облысында облыстық мәслихат депутатының ұлы мен "Алматы облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы қамауға алынды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматы облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы келісімшартқа сәйкес, орындалған актілерге ешбір кедергісіз қол қойып беруі үшін мердігерлік ұйым басшысынан 5,5 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді. Тергеу параны облыстық мәслихат депутаты мен оның ұлы бергенін анықтады", - деп хабарлады Бастарова.

Сол күні Алматы облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының ұсталып, изоляторға қамалғаны айтылады. Бастарованың айтуынша, депутаттың ұлы да қазіргі уақытта қамауда.

12 қазанда Талдықорғанның арнайы тергеу соты ұсталған тұлғаларға бұлтарпау шарасы ретінде қамауға алу туралы шешім шығарған.

"Облыстық мәслихат депутатының жасы үлкен болуына және денсаулығына байланысты ол қамауға алынған жоқ. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр", - деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети