08 маусым 2020 14:04

Алматы облысында екі адамды өлтірді деген күдікті ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында кісі өлтірген аса қауіпті қылмыскер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Алматы облысында кісі өлтірген аса қауіпті қылмыскер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп халықаралық іздеуде жүрген, 2016 жылдың тамыз айында Алматы облысының орталығында болған екі кісі өлімі дерегіне кінәлі деп айыпталған Өзбекстанның 35 жастағы тұрғынын ұстады. Талдықорған қалалық сотының тергеу судьясы 2016 жылдың 11 қазанда ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігіне "Екi немесе одан көп адамды өлтіру" сәйкес қозғалған қылмыстық іс бойынша күзетпен ұстау түріндегі қаулыны санкциялаған.

Полицейлердің мәліметінше, қауіпті қылмыскерді іздеу үш жылдан астам уақыт бойы жүргізілген, себебі іздеуге жарияланған ер адаидв тұрғылықты жері мен жұмыс орнын бірнеше рет ауыстыруына байланысты тұрған жерін анықтау мүмкін болмаған. Екі облыстың жедел уәкілдерінің бірлескен еңбегінің арқасында аса ауыр қылмысқа күдікті өзбекстандық сот алдында жауапқа тартылады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети