16 мамыр 2019 11:44

Алматы облысында екі күнде мал ұрлығының 39 дерегі ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысының тәртіп сақшылары "Мал ұрлығы" республикалық алдын алу іс-шарасы барысында екі тәулік ішінде мал ұрлығының 39 дерегін әшкереледі. Оның 30 дерегі бұған дейін жасалған қылмыс болса, оның ішінде он үш мал ұрлығы "бұрынғы жылдар" санатына жатады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Республикалық іс-шара 14-16 мамырға жоспарланған. Екі күн ішінде облыста 9 мал ұрлығы тіркеліп, 17 бас мал қолды болған. Полицейлердің жедел іздестіру шаралары барысында қылмыстардың барлығы ізі суымай ашылып, барлық мал өз иелеріне қайтарылды. Айта кетейік, бұған дейін орын алған қылмыстарды ашу кезінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Кербұлақ аудандарының полицейлері жоғары нәтиже көрсетті", - деді Алматы облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері.

Жыл басынан бері полицейлер облыс аумағында мал ұрлығын кәсіп қылған кәнігі ұрылардың 34 тобын құрықтаған. Олардың 96 қылмысқа қатысы бары анықталып, айып тағылды.

"Бірнеше күн бұрын 4 адамнан құралған барымташылар тобы ұсталды. Олар былтырғы қыркүйектен бері 80 бас жылқыны қолды қылғаны анықталды. Іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары 43 жылқыны тауып, иелеріне қайтарып берді. Сондай-ақ, ұрланған малды сатып алушылар мен сату орындары да әшкере болды. Полицейлер ұрылармен қатар, сатып алушыларды да жауапкершілікке тартуға мүдделі. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда",- деді ведомство баспасөз қызметінің өкілдері. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети