12 мамыр 2022 08:48

Алматы облысында ер адам келінін қорғаймын деп ұлын өлтірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Instagram / police_almobl Фото: Instagram / police_almobl

Алматы облысында ұлын өлтірді деген күдікпен 69 жастағы зейнеткер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы өңірдегі ПД баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысында ұлын өлтірді деген күдікпен 69 жастағы зейнеткер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы өңірдегі ПД баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

7 мамырда Дойыншы ауылындағы жекеменшік үйлердің бірінде 42 жастағы ер адам пышақ жарақатынан қаза тапқан. Криминалистер оқиға орнынан айғақ затты анықтады.

Полиция мәліметінше, жанжалға марқұмның 69 жастағы әкесі, келіні және жәбірленушінің өзі қатысқан. Күдікті зейнеткер кенже ұлының үйінен табылды.

"Ұсталған ер адам кінәсін мойындады. Айғақ беру кезінде ол ұлына отбасы мәселелерін талқылау үшін келгенін түсіндірді. Қонаққа барған зейнеткер баласы мен әйелі арасындағы жанжалдың куәсі болып, оқиға барысында келінін қорғаған. Осыдан кейін мас ер адам әкесіне шабуылдаған, ал әкесі асхана пышағын қолданған", - деді Қаратал аудандық полиция бөлімінің басшысы Рауан Әбдірайымов.

Адам өлтіру дерегі бойынша соталды тергеу басталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети