16 қаңтар 2024 09:30

Алматы облысында ерлі-зайыпты ірі есірткі зертханасын ұйымдастырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Полицейлер Алматы облысының Казцик ауылында синтетикалық есірткі өндіретін ірі зертхананы жойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Полицейлер Алматы облысының Казцик ауылында синтетикалық есірткі өндіретін ірі зертхананы жойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Есірткі өндірісін Алматыдан келген отбасылық жұп ұйымдастырған. Бұл үшін олар үй сатып алып, оның жанына зертханаға арнайы жабдықталған үй-жай салған.

Зертхана тыйым салынған заттардың синтезі үшін толық дайындалған: химиялық реакцияларға арналған агрегаттар, өндірістік сірінді және алынған есірткіні кептіру cөрелері орнатылған, қабырғалар жылуоқшаулау материалдарымен қапталған.

"Отбасылық жұптың қылмыстық әрекеттерінің дәлелдемелері ретінде полицейлермен екі зертханалық реактор, 100 кг синтезделген есірткілік ұнтақ тәріздес зат және есірткіні өндіруге арналған 800 литрден астам прекурсор тәркіленді. Осылайша бұл жағдайда қазақстандық қалалардың көшелеріне бағасы 7 млрд теңге болатын, қатты әсер ететін синтетикалық есірткінің 550 мыңға жуық дозасы жіберілмеді. Топ құрамында аса ірі көлемде есірткі өндіргені үшін ұсталғандарға мүлкін тәркілей отырып, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы төніп тұр", - деді ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов.

Айта кету керек, 2023 жылдың желтоқсан айынан ІІМ-нің бастамасымен синтетикалық есірткіні өндіру үшін қолданылатын құрал-жабдықтың айналымына қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Бұл үшін 3 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети