Алматы облысында жеңгетайлықпен айналысқан екі әйел ұсталды

03 Маусым, 11:51
0
Алматы облысында жеңгетайлықпен айналысқан екі әйел ұсталды -

Алматы облысының тәртіп сақшылары жүргізген арнайы іс-шара барысында белгілі төлем үшін қалталы азаматтарға қызмет көрсететін жеңіл жүрісті әйелдерге "жеңгетайлық" көмек берген екі азаматша ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Заңсыз әрекетке ықпал еткен Талдықорған қаласындағы бір қонақ үйдің әкімшісі мен Қарасай ауданындағы сауна әкімшісіне қылмыстық өндіріс қозғалды.

"Арнайы шара барысында 50 және 38 жастағы екі азаматша адам саудасына қатысы бар деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, "жеңіл жүріске" түскен Қырғызстан азаматшасын Қазақстан Республикасының аумағында жүру ережесін бұзғаны және құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту және ел аумағынан шығару мәселесі қарастырылуда. Шетел азаматшасы қабылдағыш-реттегіш мекемеге орналастырылды",- деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Өз кезегінде тәртіп сақшылары адам саудасы мен олардың құқығын шектеуге қатысты заң бұзушылықтармен күрес үнемі жүретінін жеткізді. Облыс тұрғындарын кез-келген дерек орын алған жағдайда полицияға хабыр беруге шақырды.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай