Алматы облысында қараусыз қалған шахтада үш ер адамның денесі табылды 25 наурыз 2019, 11:00

Алматы облысы Текелі қаласындағы қараусыз қалған шахтада үш ер адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Өңірлік ТЖД өкілдерінің мәліметінше, олардың денесі 24 наурызда таңғы уаықтта шығарылған.
"Қаза болғандардың денесі 25-30 градус еңістегі көлденеңінен 350 метр қашықтықта табылды және Алматы облысы ТЖД құтқарушылары шығарды, олар қауіпсіздік мақсатында арнайы жеке қорғаныс құралдарымен жабдықталды", - деді Алматы облысы ТЖД ресми өкілі Азамат Жұртбаев.
Осы дерек бойынша өлім себептерін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама жүргізіледі.