18 қыркүйек 2020 10:50

Алматы облысында қоныс колониясынан қашып кеткен сотталушы ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: zviazda.by Фото: zviazda.by

Полиция қызметкерлері қоныс колониясынан 3 жыл бұрын қашып кеткен сотталушыны ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.


Полиция қызметкерлері қоныс колониясынан 3 жыл бұрын қашып кеткен сотталушыны ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ол осы уақытқа дейін мемлекетаралық іздеуде болған. 

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, сотталушы жазасын Жамбыл облысында өтеп жатқан. Бірақ оны тәртіп сақшылары Алматы облысында ұстаған.

"Іздестіру" жедел-профилактикалық шарасы барысында ҚР Қылмыстық кодекстің 427-бабы бойынша ("Жазасын өтеуден жалтару") іздеуде болған ер адам ұсталды. Ол 2017 жылдың қыркүйегінде Тараздағы қоныс колониясынан қашқан. Алдын ала мәліметке сәйкес, сотталушы - Алматы облысының тұрғыны. Полиция қызметкерлері ер адамды ұстап, қамауға алды", - делінген хабарламада.

Алдағы уақытта сотталушы Таразға жіберіледі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети