Алматы облысында "Қорғас ісі" бойынша соңғы фигурант ұсталды

13 Қыркүйек 2016, 12:54
0
Алматы облысында "Қорғас ісі" бойынша соңғы фигурант ұсталды - © svopi.com
© svopi.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросындағылар "Қорғас ісі" бойынша халықаралық іздеуде болған Бекболат Қайырбаевты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бекболат Қайырбаев11 қыркүйекте Алматы облысында ұсталды.

Ведомстводағылардың мәліметінше, Бекболат - ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы Талғат Қайырбековтың туған бауыры. "Ағасының тапсырмасымен Бекболат Қайырбаев Талғат Қайырбаевты қылмыстық жауапкершілікке тартпас үшін лауазымды қызметкерлерге өзінің таныстары Зиманова М., Аубакирова У., Кусманова. және Юсупова Р есімді азаматшалар арқылы 3,2 миллион доллар көлемінде пара берген", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Бекболат Қайырбаев 2012 жылдың наурыз айынан бері іздеуде болған. "Қазіргі уақытта антикоррупциялық қызметтегілер іздеуде болған ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің барлығын ұстады", - деді ведомство өкілдері.

Еске салайық, 2016 жылдың қаңтар айында Алматыда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы өкілдері "Қорғас ісі" бойынша Е. Малибаев есімді азаматты ұстаған болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай