06 маусым 2022 10:01

Алматы облысында пара алған мемлекеттік мекеме басшысы сотталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Алматы облысында кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Тамерлан Разбеков сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.


Алматы облысында кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Тамерлан Разбеков сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.

"Талдықорған қалалық сотының үкімі бойынша, Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Тамерлан Разбеков пен "АСПМК-519" ЖШС басшылығы сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін кінәлі деп танылды", - делінген хабарламада.

Тергеу мәліметі бойынша, басқарма басшысы 2021 жылы ЖШС техникалық директоры және бас директорынан 96 миллион теңгеге орындалған жұмыстар актісіне қол қоюға ықпал еткені үшін жалпы сомасы 33 500 АҚШ доллары көлемінде пара алған.

"ЖШС басшылығы 3 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды. Разбеков 100,2 миллион теңге мөлшерінде айыппұл салына отырып, өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети