31 шілде 2015 17:40

Алматы облысында полицей өзін қорғау мақсатында бір адамды атып өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Алматы облысының полицейі Toyota Camry 40 жүргізушісі мен жолаушысын ұстау кезінде өзін қорғау үшін тапанша қолданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы облысының полицейі Toyota Camry 40 жүргізушісі мен жолаушысын ұстау кезінде өзін қорғау үшін тапанша қолданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"23 шілдеде Алматы облысы ІІД сайтына күміс түстес, алдындағы мемлекеттік номері мен терезесі жоқ Toyota Camry 40 автомобилінің жоғары жылдамдықмен қала орталығында жүргені туралы хабар келіп түсті", - деп жазылған баспасөз хабарламасында.

30 шілдеде сағат 22.00 шамасында автомобильді Талдықорғандағы Тәуелсіздік-Ескелді би көшелерінің қиылысында "Бүркіт-157" патрульдік жасағы ұстады. 

ІІД мәліметінше, Toyota Camry 40 жүргізушісі құжаттарды тексеру барысында полиция қызметкерлерінен жасырыну үшін Тәуелсіздік көшесімен шығыс бағытқа қара қашқан. 

"Көлік жүргізушісі дереу қашқанда полицияның аға лейтенанты Нұрлыбаев машинаның капотына жармасып үлгереді, осылайша көлік оны 189 метрге дейін әкеткен. "Беркут-157" экипажы Toyota Camry 40 автомобилін қолға түсірді. Автомобиль жүргізушісі полицейлерге қарсылық көрсетті, дегенмен ол ұсталып, қолына кісен салынды", - деді баспасөз қызметінің өкілдері.

Автомобильде үш адам болды: екі қыз бен ер адам. "Полицейлердің талабымен жолаушылар сыртқа шықты. Жолаушылардың біреуі - ер адам полицейлердің талабына құлақ аспай, қолындағы пышақпен полицейге қарай ұмтылды. Өзін қорғау үшін полицей оқ атуға мәжбүр болды, ер адам оқиға орнында қаза тапты", - деп жазылған хабарламада.

Осы дерек бойынша барлық материал облыстық мамандандырылған прокуратураға жіберіледі. Полиция қызметкерінің әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети