28 ақпан 2020 12:57

Алматы облысында прокурор, тергеуші және салық қызметкері ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында көлік прокуратурасының аға прокуроры, экономикалық тергеулер бөлімінің тергеушісі және Мемлекеттік кірістер департаментінің маманы ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматы облысында көлік прокуратурасының аға прокуроры, экономикалық тергеулер бөлімінің тергеушісі және Мемлекеттік кірістер департаментінің маманы ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Талдықорғандық көлік прокуратурасының аға прокуроры, бірінші дәрежелі заңгер, Алматы облысы бойынша экономикалық тергеулер департаментінің аға тергеушісі, төртінші санаттағы квалификациялық класс және облыстың мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы алдын ала келісім бойынша бір топ адамнан ірі көлемде пара алу дерегі бойынша ұсталды.

Олар экономикалық контрабанда дерегі бойынша қылмыстық істі тоқтату үшін ЖШС директорынан 30 мың доллар (11 миллионнан аса) көлемінде пара алды деген күдікке ілінді", - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші департаментінің тергеушісі Қайсар Баржақсынов брифингте.

Күдіктілер Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабы бойынша ұсталып, Талдықорғандағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети