30 қаңтар 2023 14:53

Алматы облысында ірі көлемде есірткі өндірісін ұйымдастырмақ болғандар әшкере болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті қызметкерлері Алматы облысындағы әріптестерімен бірлесіп, Іле ауданында есірткі зертханасын құру әрекетін тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті қызметкерлері Алматы облысындағы әріптестерімен бірлесіп, Іле ауданында есірткі зертханасын құру әрекетін тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Междуреченск кентінің маңындағы күдікті құрылыс полицейлердің назарын аударған. Бақылау барысында белгісіз адамдардың бір гектар жерді тас қоршаумен қоршап, ауыл шаруашылық қажеттіліктері үшін қажет емес жабдықтар әкеліп, трансформаторды электр желісіне қосқаны анықталған.

"Содан кейін прекурсорлар құйылған 20 канистрді тасымалдау кезінде полицейлер екі жергілікті тұрғынды ұстады. Ұсталғандардың айғақтары бойынша бұрынғы ферманың бір гектар жер учаскесін олардың серігі 18 миллион теңгеге сатып алған. Учаске биік қоршаумен бөтен көздерден толығымен жасырылған, тұруға арналған уақытша үй-жай, монша, гараж салынған, ұсталғандар бүркеме ретінде қолданбақ болған малға арналған қора жабдықталған. Зертханаға арналған бөлек үй-жай салынған. Темір есіктің ар жағында бірнеше тарапқа бөлінген бөлмелер бар, олардың әрқайсы жасанды желдетумен және қуатты сүзгілермен жабдықталған", - делінген хабарламада.

ІІМ мәліметінше, дайын есірткіні буландыруға арналған сөрелер орнатылып, жабдықтар әкелінген. Есірткі өндіру үшін пайдаланылатын өнеркәсіптік жабдықтар мен 1000 литрден аса прекурсорлар тәркіленген.

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірхановтың айтуынша, ішкі істер органдарының бірінші кезектегі міндеті - қылмыстардың жолын кесу, олардың салдарынан болатын зардаптың деңгейін төмендету. Сондықтан, полицейлер оның алдын алып, есірткі өндірісінің басталуына жол бермеді.

ҚР ҚК-нің 296-бабы бойынша есірткіні өткізу мақсатынсыз аса ірі мөлшерде заңсыз дайындағаны, өңдегені және тасымалдағаны үшін қылмыстық іс қозғалды, ол үшін жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети