10 желтоқсан 2021 13:23

Алматы облысында соққыға жығылған мектеп оқушысына қатысты іс: директор жұмыстан шеттетілді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: elements.envato.com Сурет: elements.envato.com

Алматы облысы Полиция департаменті мен Білім басқармасы Рахат ауылдық округінде 10-сынып оқушысының соққыға жығылғанына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысы Полиция департаменті мен Білім басқармасы Рахат ауылдық округінде 10-сынып оқушысының соққыға жығылғанына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін "Немолчи" қорының жетекшісі Дина Тансари 11-сынып оқушысы 10-сынып оқушысына шабуыл жасағанын хабарлады. Оның айтуынша, жоғары сынып оқушысы одан ақша талап еткен.

"Айгүл - үш баланың анасы, ажырасқан, жұбайы көмектеспейді, балаларынан бас тартқан, ол балаларын жалғыз асырап отыр, түрлі жұмыс істейді, білімі жоқ. Оның 10-сыныпта оқитын баласын жоғары сынып оқушылары ұрып-соғып, уақыт қойып, ақша әкелуді талап еткен. Айтқан қаржы сомасы олардың отбасы үшін көп болған, бала түнделетіп қар тазалап, жоғары сынып оқушылары ұрып-соқпасын деп ақша іздеген", - деді қоғам белсенділері.

Алматы облысының полициясы оқушылар арасындағы жанжал 6 желтоқсанда Еңбекшіқазақ ауданы Рахат ауылдық округінде болғанын хабарлады.

"Тексеру барысында оқиға сабақтан кейін, сағат 13:30 шамасында, №1 мектептің 10 және 11-сынып оқитын екі оқушысының арасында болғаны анықталды. Бұл дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу барысында сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, істі дұрыс шешу үшін қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полициядан.

Облыстық ПД басшылығы тергеу барысын бақылауға алғаны атап өтілді. Сондай-ақ, бұл дерек бойынша материалдар кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жіберіледі.

Алматы облысы Білім басқармасының хабарлауынша, қазір Еңбекшіқазақ ауданы Рахат ауылдық округінің №1 орта мектебінде Білім басқармасы мен облыстың БСБД қызметкерлерінен жиналған жұмыс тобы бар, психологтар да мектепте жұмыс істеп жатыр.

"Қазір зардап шеккен 10 "А" сынып оқушысы аудандық ауруханада ми шайқалудың жеңіл түрі деген диагнозбен емделіп жатыр. Жағдайы қанағаттанарлықтай, дәрігерлердің бақылауында", - деді ведомствода.

Бұл оқиға бойынша аудан әкімінің бірінші орынбасары, прокуратура басқармасы, полиция және білім бөлімі бірлесіп, шұғыл жиналыс өткізілгені белгілі болды. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық мәселелері талқыланып, аудандағы білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысындағы кемшіліктерді жоюға бағытталған тапсырмалар берілген.

"Жұмыста жіберілген кемшіліктер үшін мектеп директоры Б.Бөкаеваға сөгіс түрінде жаза қолданылды, тергеу аяқталғанға дейін директор қызметінен шеттетілді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Жаңабай қызметінен босатылды, директордың тәрбие ісі жөніндегі екінші орынбасары М.Еділге сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды", - деді білім басқармасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети