25 қаңтар 2022 19:13

Алматы облысының полицейлері қараусыз қалған ғимараттан екі тапанша тапты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

polisia.kz polisia.kz

Алматы облысының полицейлері қараусыз қалған ғимаратты тексеру барысында екі тапанша мен оқ-дәрілер тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Алматы облысының полицейлері қараусыз қалған ғимаратты тексеру барысында екі тапанша мен оқ-дәрілер тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

19 қаңтар күні Ескелді аудандық ПБ кезекші бөліміне Алматы облысы ПД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі аудандағы орталық ауруханаға қарсы орналасқан иесіз ғимаратты тексеру кезінде атыс қаруы табылғаны туралы ақпарат берген. Оқиға орнынан екі Макаров тапаншасы, аталған тапаншаларға арналған төрт оқпан және 28 оқ-дәрі тәркіленген.

Сонымен қатар, қару-жарақтың жанында құралдарды белбеуге қыстыратын арнайы бекіту заттары табылды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Салыстыру нәтижесінде бұл атыс қарулары жаппай тәртіпсіздік кезінде Талдықорған қаласының ПБ ғимаратынан ұрланғаны анықталды. Табылған барлық қару-жарақ қылмыстық іс материалдарына тіркеу үшін Алматы облысы ПД Тергеу басқармасына жолданды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети