Алматы облысының тұрғыны қыз алып қашқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін

18 Қараша 2015, 17:42
0
Алматы облысының тұрғыны қыз алып қашқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін - © pricom.kz
© pricom.kz

Алматы облысының тұрғыны қалыңдық алып қашқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл дерек Ұйғыр ауданының Шарын ауылында тіркелді. Жергілікті полицейлер қызды бостандығынан заңсыз айыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу материалдарында 28 жастағы ер адамның қатысы бар екендігі және оның әрекеттерінен полицейлердің ҚР ҚК "Бостандығынан заңсыз айыру" бабында қаралған қылмыс белгілерін тапқаны айтылады. 

Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері Ұйғыр аудандық ішкі істер департаменті қызметкерлеріне қыздың әке-шешесі хабарласып, ауылдас жігіттің өздерінің 21 жастағы қыздарын еркінен тыс ұстап отырғанын айтып берген. "Полицейлер жедел әрекет етіп, күдіктіні ұстады, ол өз кезегінде үйге қызды қалыңдығы ретінде алып келгенін және өз ісінде қылмыстық ниеттің жоқтығын мәлімдеген", - деп хабарлады баспасөз қызметіндешілер.  

Қазіргі уақытта қыз ата-анасына қайтарылды, ал күдікті ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сонымен қатар, іске жергілікті ақсақалдардың араласып жатқаны белгілі болды. Жалпы, баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, 2015 жылдың басынан бері ҚР ҚК 125 және 126-баптарында қарастырылған адамды бостандығынан заңсыз айыру бойынша 10 жағдайдың және адам ұрлаудың 12 дерегі тіркелген. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай