1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Алматы облысының тұрғынына тиесілі көліктің "сыңары" Нұр-Сұлтаннан табылды 10 ақпан 2021, 08:13

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері Алматы облысының тұрғынына тиесілі көліктің "сыңарын" тапты. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері Алматы облысының тұрғынына тиесілі көліктің "сыңарын" тапты. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына елордалық Полиция департаменті берген жауабында айтылады.

Ведомствоның мәліметінше, қазір VIN-кодтары бірдей екі автомобильді анықтау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Іс Қылмыстық кодекстің 386-бабы 1-бөлігіне сәйкес "көлік кузовының нөмірін қолдан жасау, сол сияқты жалған кузов нөмірімен көлікті өткізу" бойынша қаралып жатыр.

"Audi A6 маркалы көліктің "сыңары" анықталды. Сот-трасологиялық сараптама тағайындалды. Сараптаманың қорытындысын алғаннан кейін көлікті тіркеуді тоқтату және есептен шығару туралы мәселе шешіледі", - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментіндегілер.

Бұған дейін Алматы облысының тұрғыны Юлия Черкасская бір жылдан аса уақыттан бері Audi A6 көлігін жүргізе алмай жүргенін мәлімдеген еді. Оның айтуынша, Нұр-Сұлтанда осындай VIN-коды бар көліктің "сыңары" тіркелген. Енді бойжеткеннің техникалық байқаудан өтуге, сақтандыру төлемін және өз көлігіне салық төлеуге мүмкіндігі жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram