30 наурыз 2018 16:08

Алматы орталығында ер адам көшедегі көліктерді қиратты

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Алматы полициясы қала орталығында жүріп жатқан көліктерді бүлдірген ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД өкілдеріне сілтеме жасап. 


Алматы полициясы қала орталығында жүріп жатқан көліктерді бүлдірген ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД өкілдеріне сілтеме жасап. 

Полиция мәліметінше, 102 нөміріне хабарласқаннан кейін ер адамды полиция жасағы ұстаған. Оқиға Желтоқсан мен Мақатаев көшелерінің қиылысында болды. 

"Алматы қаласы Әуезов ауданының 1974 жылғы тұрғыны қатты мас күйінде болған. Психикалық жағдайын анықтау үшін тексеріс жүргізіледі", - деді ІІД өкілдері. 

Желіде пайда болған видеода ер адам жол ортасында тұрып, өтіп жатқан көліктерге жұдырық ала жүгіріп, терезесін шағып оқиға орнынан қаша жөнеледі. Ер адам басқа да көліктерді бүлдіруге кіріскен. Жүргізушілердің бірі көлігін тоқтатып, жартылай жалаңаш ер адамды ұрады, ол артынша арыққа құлайды. 

"Болған жағдайда құқықтық баға беріледі. Видеодағы адамдардың барлығы Алмалы аудандық ІІБ-ге жеткізілді", - деді полицейлер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети