20 сәуір 2021 11:20

Алматы орталығында түнде көлікпен жарысқандар ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Tengrinews.kz Сурет: Tengrinews.kz

Алматы орталығында түнде көлікпен жарысқандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Алматы орталығында түнде көлікпен жарысқандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Арнайы іс-шараны қалалық полицияның қатардағы бөлімдерінің күштері жүргізді.

"Біз түнгі жарыс әуесқойлары арасында ең танымал орындарды таңдадық және анықтадық, онда арнайы жергілікті рейдтер өткізуді ұйғардық. Сондай-ақ, тұрғындардың уайымдарын негізге алдық, тез және қатты айдау арқылы әуесқойлар олардың тыныштығын бұзады.

Осылайша, кеше кешкісін біздің ауданның аумағында нақты жүргізілген іс-шара жұмыстарының нәтижесінде 30-дан аса жол ережелерін бұзған тұрғын анықталды. Атап айтқанда, тыныштықты бұзудың бес дерегі, мас күйде көлік құралын басқарудың екі дерегі, автокөліктің резонаторын гүрілдеуішке қондыру арқылы көлік құралын заңсыз жабдықтаудың жеті дерегі, жүріс бөлігінен өту ережесін бұзудың жеті дерегі, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісіз көлік құралын басқарудың үш дерегі және басқалары анықталды. Тоғыз көлік құралы мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды", - деді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

Сонымен қатар, полицейлер қалада гүрілдеуіштерге орнатылған резонаторлар, тікелей ағыны бар көліктердің жұмысына бақылауды күшейткенін еске салды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети