03 мамыр 2017 10:20

Алматы полициясы әккі алаяқтардың суретін жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Алматыдағы Әуезов ауданының полицейлері әккі алаяқтардан зардап шеккендерді іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыдағы Әуезов ауданының полицейлері әккі алаяқтардан зардап шеккендерді іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қалалық полиция қызметкерлері 32 жастағы Замзариева деген азаматшаны анықтады. Іс материалдарына қарағанда, ол жылжымайтын мүлік саласында алаяқтықпен айналысқан.

"Әйел пәтерлерді жалға алып, кейіннен өзін пәтер иесі деп таныстырып, басқа біреулерге ұзақ уақытқа жалға беріп жүрген. Полицейлердің мәліметінше, қазіргі уақытта Замзариеваның үстінен 12 адам арыз түсірді", - деді  Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер.


© Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, алаяқтықпен айналысып жүрген күдікті ретінде 36 жастағы Сағынов анықталды. Тергеушілердің мәліметінше, ол азаматтарға қымбат емес көлік әперемін деп уәде берген. Содан ол сатып алушылардан қаражат алып, уәдесін орындамаған. 36 жастағы ер адамнан 10 адам зардап шеккен.


© Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі.

"Осыған байланысты сотқа дейінгі тергеу барысында полицейлер осы адамдардың қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккендерден мына нөмірлер бойынша хабарлауын сұрайды: 298-53-00; 298-53-01 және 298-53-02", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети