19 қазан 2020 08:52

Алматы полициясы дәмхананың терезесін пышақпен қаққан ер адамды ұстады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан кадр Видеодан кадр

Алматыда дәмхананың терезесін пышақпен жымия қаққан ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда дәмхананың терезесін пышақпен жымия қаққан ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"1969 жылы туған С. есімді азамат осы дәмхана орналасқан үйде тұрады және ол ұсталды. Куәгерлердің айтуынша, ер адам пышақпен досына шабуыл жасаған. Екеуі де Алмалы ауданы Полиция басқармасына жеткізілді. С. есімді азаматтың досы шағымданудан бас тартты. 

Полиция қызметкерлері олардың алкогольмен мастану деңгейін анықтау үшін екеуін наркологиялық орталыққа жеткізді. Сараптама екеуі де орташа дәрежеде мас күйде болғанын анықтады. Аталған дерек бойынша Әкімшілік кодекстің 440-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды", - деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, Алматыда қолында пышағы бар ер адам алматылықтарды шошытты. Ол қаладағы танымал кафенің терезесінен қағып, жымиып тұрған. Куәгерлер мұны видеоға түсіріп, Желіге жүктеді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети