18 тамыз 2022 12:05

Алматы полициясы көшеде 28 жастағы әйелді ұрып-соққан ер адамды ұстады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полициясы көшеде 28 жастағы әйелді ұрып-соққан ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы полициясы көшеде 28 жастағы әйелді ұрып-соққан ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жәбірленуші оқиға туралы әлеуметтік желіде жазды. Ол шабуыл Алматы қаласында үйінен алыс емес жерде болғанын, танымайтын ер адам еш себепсіз басынан ұрып, қасын кесіп тастағанын айтқан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Almaty | Алматы (@almatygggram)

"Мен бірден полицияға хабарластым. Полицияда 10 адам бір сұрақты қойды. Олар оның себепсіз шабуыл жасағанын, ештеңе ұрламағанын түсінбейді. "Күдікті адам жергілікті емес, басқа қалаға кетіп қалды" деген болжам жасап үлгерді. Олар оны іздегісі келмейтіні көрініп тұр. Мен тірі қалғандықтан бәрі жақсы деп ойлаған болулары керек", - деп жазды ол.

Полиция күдікті ұсталғанын хабарлады. Ол 1986 жылы туған Алматы облысының тұрғыны болып шықты.

Күдікті Медеу ауданындағы бау-бақша серіктестігінің аумағында әйелді негізсіз ұрып-соққанын мойындап, істеген әрекетін түсіндіріп бере алмаған. 

Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша тергеліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети