15 қыркүйек 2020 18:58

Алматы тұрғыны 60 адамға құдалық жасаған: мейрамхана иесіне айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Тұрар Қазанғапов Фото ©Тұрар Қазанғапов

Бір апта ішінде Алматыда карантин шараларын бұзғаны үшін 40-қа жуық кәсіпкерлік нысанына айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.


Бір апта ішінде Алматыда карантин шараларын бұзғаны үшін 40-қа жуық кәсіпкерлік нысанына айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаментінде мониторингтік топтың жұмысы барысында 2020 жылғы 7-14 қыркүйек аралығында 39 нысан мен 83 жеке тұлғаның карантин режимін бұзғаны анықталды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы - 16 млн 376 мың теңге. Әкімшілік сотқа 1 материал қарауға жіберілді.

Кәсіпкерлік субъектілерінің негізгі заң бұзушылықтары - дезинфекциялық құралдардың болмауы, жұмыс режимінің, маска режимінің бұзылуы және т.б.

Мысалы, Алматы қаласы Түрксіб ауданының мониторингтік тобының жұмысы барысында "Ламази" мейрамханасында 60 адамға арналған үйлену тойын (құдалық) өткізу заң бұзушылығы анықталды. Осыған ұқсас заңбұзушылық Медеу ауданындағы "Айлина" мейрамханасында тіркелген. Кәсіпкерлердің әрқайсысына қатысты хаттама толтырылып, 230 АЕК көлемінде айыппұл салынған.

17 тамыздан бастап осы уақытқа дейін мониторингтік топтар 9 мыңнан аса тексеріске шыққан. Әкімшілік бұзушылықтар туралы 3 756 хаттама толтырылған. Өз еріктерімен 1635 нысан қызметтерін тоқтатқан. Маска режимін бұзғаны үшін 3 366 жеке тұлғаға, оның ішінде Арбат аумағында 69 адамға айыппұл салынған.

Карантин шараларының сақталуын бақылау жөніндегі жеке жұмыс қоғамдық көлікте жүргізіледі, 27 тамыздан бері маска тақпағаны үшін 61 жеке тұлғаға айыппұл салынған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети