01 шілде 2021 12:15

Алматы тұрғыны екі адамға пышақ салды: біреуі қаза тапты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған Видеодан алынған

Алматы тұрғыны көшеде өтіп бара жатқан екі адамға пышақпен шабуыл жасады. Олардың біреуі қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы полиция департаментінің Telegram-арнасына сілтеме жасап.


Алматы тұрғыны көшеде өтіп бара жатқан екі адамға пышақпен шабуыл жасады. Олардың біреуі қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы полиция департаментінің Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Теректі шағын ауданында бірнеше пышақ жарақатын алған ер адамның мәйіті табылды. Полицейлер марқұмның жеке басын анықтады: құжаттары өзінде болған. Бастапқы тергеу жүргізу барысында полицейлер қылмыстың куәгерін тапқан. Ол марқұмның досы болып шықты.

"Куәгердің айтуынша, көшеде оларға екі пышақ ұстаған белгісіз адам шабуыл жасаған. Марқұмның денесінде 10-ға жуық пышақ жарақаты болды. Куәгер де бірнеше жерінен жараланған. Бірақ денсаулығына қауіп жоқ. Полицейлер күдіктіні ізін суытпай ұстады. Ол 20 жастағы жергілікті тұрғын, токсикоман екені анықталды. Оның айтуынша, ол есін жоғалтып, көзіне түрлі галлюцинация көрінген. Оның бұрын тонау әрекеті үшін сотталғаны белгілі болды", - делінген полиция хабарламасында.

Дерек ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети