1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Алматыда 7 жастағы қызды шешіндірмек болған күдікті ұсталды 21 сәуір 2021, 18:48

Алматыда 19 жастағы ер адам 7 жасар қызды шешіндірмек болды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Видеодан алынған Видеодан алынған

Алматыда 19 жастағы ер адам 7 жасар қызды шешіндірмек болды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері айтты. Оқиға камераға түсіп қалған. Кадрдан ер адамның баланы көтеріп бара жатқаны көрінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 13.00-де Түрксіб ауданындағы шағын аудандардың бірінде болған.

"7 жастағы қыз дүкеннен үйіне кіріп келе жатқан. Оның артынан ер адам қоса кіреді. Баланы қолына алып, баспалдақпен қайтадан төменге түседі. Кейін оны камераға түспейтін қуысқа алып кіргені көрінеді. Онда ер адам баланы шешіндіріп, тиісе бастаған. Бала қашып шығады. Үйіне келіп, болған жағдайды анасына айтып берген. Анасы бірден полицияға хабарласты. Бұл қылмысты "ізін суытпай" ашуға ықпал етті", - деді Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары полиция подполковнигі Рустам Әбдірахманов.

Күдікті ретінде 2002 жылы туған ер адам ұсталды. Сол шағын ауданда тұратыны анықталған. Ол ақыл-есі кем ретінде тізімде тұратыны белгілі болды.

"Бұл факт ҚР ҚК-нің 124-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Қылмыстық іс бойынша тергеу шаралары мен сараптамалық зерттеулер жүргізіліп жатыр", - деді подполковник Абдрахманов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!