17 наурыз 2017 12:26

Алматыда Әблязовтың ісі бойынша сот отырысы өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сот залынан. © Tengrinews.kz Сот залынан. © Tengrinews.kz

Алматының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында Мұхтар Әбілязов және өзге тұлғаларға қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында Мұхтар Әбілязов және өзге тұлғаларға қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әблязовтың қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы Мәртпек Кәкімжанов қарады. Сот отырысына үш мемлекеттік айыптаушы және БТА банкінің өкілдері қатысып отыр. 

Айта кетейік, іс 2 224 томнан тұрады. 205 куәгер бар. Айыпталып отырған БТА Банкінің басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары және кредиттік комитеттің бұрынғы төрағасы Жақсылық Жарымбетов, банктің кредит беру ойынша бұрынғы директоры Қайрат Садықов және БТА Банктің бұрынғы басқарма төрағасы Садуақас Мәмеш. 

Мұхтар Әблязовтың өзі сотқа қатыспады, бірақ оның мүддесін мемлекет тағайындаған адвокат Анжелика Ажигулова қорғайды.

"Оның қайда екені туралы мәлімет жоқ. Қылмыстық істі оның қатысуынсыз қарастыруға болады деп есептеймін", - дейді ол. 

Сотта судья мен мемлекеттік айыптаушылардан өзгелерге фото және видео түсіруге тыйым салынды. 

Ал адвокат Нұрлан Үстеміров Жарымбетовқа қатысты қылмыстық істі тоқтатуды сұрады. 

"Әблязов бес міндетті әр түрлі адамға тапсырған. Барлық бес міндетті толықтай алсақ қылмыс екені түсінікті. Алайда тапсырманы бөліп қарастырса, оның қылмыс екенін білу мүмкін емес еді. Жарымбетов Әблязовтың тапсырмаларын орындағанын мойындайды, бірақ ол оның заңға қайшы екенін білмеген", - дейді адвокат Үстеміров. 

Cудья бұл өтінішті қарау мәселесі мен Әблязовтың сыртынан сот өткізу туралы шешімін ертең жария етеді.

Іс фигуранттары ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, өзгенің мүлкін иемденгді, заңсыз тапқан ақшасын заңдастырмақ болды, банк қаржысын заңсыз пайдаланды және қызметтік өкілетін асыра пайдаланды деп айыпталып отыр. Қылмыстық әрекет салдарынан 1,557 триллион теңге зиян келген.

Еске сала кетейік, 2017 жылдың 2 ақпанында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы жауап алу үшін Мұхтар Әблязовті Астанаға шақырған болатын. "ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "БТА Банк" АҚ бұрынғы топ-менеджменті М.Қ.Әблязовқа, Ж.Д.Жарымбетовке және өзгелерге қатысты қылмыстық істің соталды тергеуін жалғастырып жатыр. Тергеу барысында Антикоррупция қызметі Әблязов пен оның сыбайластарының заңсыз әрекеттерінің қосымша дәлелдерін тапты. Банктен қаражатты жымқырудың жаңа нұсқалары ашылды. Анықталған деректер Әблязовтің қылмыстық ұйым құрып, оған басшылық еткен деген қосымша күдік бар. Оның ішінде бірқатар ұйымдасқан қылмыстық топ кіреді, топ Қазақстан таумағында және шетелде де әрекет еткен", - делінген еді ведомство хабарламасында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети