20 қазан 2020 14:35

Алматыда арық қақпағын ұрлаған самокатшы видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан кадр Видеодан кадр

Алматыда самокат мінген ер адамның арықтың торын ұрлап жатқан сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Алатау ауданының тұрғындары кінәлі адамды іздеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда самокат мінген ер адамның арықтың торын ұрлап жатқан сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Алатау ауданының тұрғындары кінәлі адамды іздеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz редакциясына ұрлық жасалып жатқан сәттің видеосын Алматы қаласы Алатау ауданының тұрғыны Павел Гаврилов жолдады. Оқиға 19 қазанда Бөкеев көшесінде болған.

Ер адамның айтуынша, полиция бұл дерек бойынша шағым қабылдаудан бас тартқан.

"Полицияда маған шағым қабылдай алмайтынын айтты. Себебі бұл әкімдіктің меншігі екен. Мен екі апта бұрын әкімдікке шағымдандым және олар жаңа қақпақ орнатты. Қазір қарап отырсам, тағы ұрлап кеткен. Менің үйімнің қасында ұрылардың бірі бейнебақылау камерасына түсіп қалды", - деді Павел Гаврилов. 

Оның айтуынша, қақпақтың болмауының кесірі көп. Жүргізушілер көліктің доңғалағымен шұңқырға түсіп кетеді.

"Жүз метрдей жерде жеті тор жоқ. Мен өзім бір рет доңғалақпен түсіп кеттім. Бала да көп, егер олар құласа, бір жерін сындырып алуы немесе судың ағынымен батып кетуі мүмкін. Оның үстіне бұл күнде болады. Екі жыл бұрын біз торларымызды түсті металл қабылдайтын пунктен таптық. Сонда учаскелік инспектор сатушыға мұндайды қабылдамауды ескерткен", - деді ол.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети