15 маусым 2021 15:10

Алматыда автобөлшек ұрлағандар ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: polisia.kz Фото: polisia.kz

Алматыда автокөлік катализаторларын ұрлағандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Алматыда автокөлік катализаторларын ұрлағандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Криминалдық полиция мәліметі бойынша, ұрлықпен айналысқан топ құрамында үш ер адам болған. Олардың екеуі Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны.

"Қазіргі уақытта олардың Әуезов және Алатау аудандары аумағындағы төрт ұрлық дерегіне қатысы бары дәлелденді. Қаскөйлер қараңғыда және тек күзетілмейтін тұрақтары бар ауданда жұмыс істегені анықталды. Олар катализаторды кесіп алып, кейін сатумен айналысқан. Қылмыстық деректер саны бұдан да көп болуы мүмкін. Осыған байланысты жедел шаралар кешені жүргізіліп жатыр. Тергеу аясында ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети