20 мамыр 2015 | 15:19

Алматыда балабақша қоршауын соғып өткен көлік жүргізушісі 5 жылға дейін сотталуы мүмкін - заңгер

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Роза Есенқұлова ©Роза Есенқұлова

Алматыда Таугүл-1 ықшамауданындағы балабақшаның қоршауына соғысқан көлік жүргізушісі 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне адвокат Джохар Өтебеков хабарлады. Адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасында 5 жасар қыз қаза болып, тағы сегіз бүлдіршін ауруханаға түсті.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда Таугүл-1 ықшамауданындағы балабақшаның қоршауына соғысқан көлік жүргізушісі 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне адвокат Джохар Өтебеков хабарлады. Адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасында 5 жасар қыз қаза болып, тағы сегіз бүлдіршін ауруханаға түсті.

Өтебековтің айтуынша, тараптардың ымыраға келуіне 2014 жылдың мамыр айынан бастап тыйым салынған. "Бұл, әрине, зардап шеккен адамға сотталушы туралы пікірін айта алмайды немесе одан өтемақы ала алмайды деген сөз емес. Мұны сот та ескереді. Қандай жағдай болмасын, бұл қылмысын жеңілдететін мән-жай ретінде саналады", - деді ол. Айта кетейік, Алматыдағы жол-көлік оқиғасына байланысты "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша жол қозғалысы ережесін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. "Ол бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - деді адвокат.

Еске сала кетейік, үрейлі жол-көлік оқиғасы бүгін, 20 мамырда сағат шамамен 12.00-де болды. Жүргізуші әйел, куәгерлердің айтуынша, артпен жоғары жылдамдықпен жүріп келе жатып, балабақша қоршауына соғылған. Көлік, тәрбиешілердің айтуынша, 26 бала ойнап отырған балалар алаңына барып түскен. Бір бүлдіршін қаза тауып, тағы сегізі жарақат алып, Алматы қалалық №1 балалар ауруханасына жеткізілді. 46 жастағы жүргізуші әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети