20 мамыр 2015 14:01

Алматыда балабақшаға соғылған көліктің жүргізушісінің кім екені анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Роза Есенқұлова ©Роза Есенқұлова

Алматы полициясы Таугүл-1 шағынауданындағы балабақшаны соққан жол талғамайтын көліктің жүргізушісінің кім екенін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап.


Алматы полициясы Таугүл-1 шағынауданындағы балабақшаны соққан жол талғамайтын көліктің жүргізушісінің кім екенін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап.

"Сүлейменов көшесінің бойындағы №58 балабақшаның қоршауына автокөліктің соғылып, салдарынан 5 жасар қыз қайтыс болып, тағы бірнеше бүлдіршіннің жарақат алуы дерегі Алматы қалалық ІІД сотқа дейінгі тергеу бірыңғай реестрінде "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша жол қозғалысы ережесін бұзу" бабы бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптамалар белгіленді. Toyota Land Cruiser автомобилінің 46 жастағы жүргізушісі ішкі істер департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалады", - деп хабарлады Әзірбек.

Еске сала кетейік, үрейлі жол-көлік оқиғасы бүгін, 20 мамырда сағат шамамен 12.00-де болды. Жүргізуші әйел, куәгерлердің айтуынша, артпен жоғары жылдамдықпен жүріп келе жатып, балабақша қоршауына соғылған. Көлік, тәрбиешілердің айтуынша, 26 бала ойнап отырған балалар алаңына барып түскен. Бір бүлдіршін қаза тауып, тағы сегізі жарақат алып, Алматы қалалық №1 балалар ауруханасына жеткізілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети