Алматыда букмекерлік кеңсеге шабуыл жасаған қарақшылар ұсталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видеодан үзінді видеодан үзінді

Алматыда букмекерлік кеңсеге қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда букмекерлік кеңсеге қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Күдіктілер 1989, 1992, 1996 жылғы үш ер адам. Оның екеуі - Қарағанды облысының тұрғындары, тағы біреуі - Өзбекстан Республикасының тумасы. Осы істің фигуранттарын алматылық құқық қорғау органдары қызметкерлері Қарағандыдан ұстады. 

"Қазіргі уақытта күдіктілер тергеу шараларын жүргізу үшін Алматыға жеткізілді және қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 2-бөлігі бойынша жүргізіліп жатыр", - делінген полиция хабарламасында. 

Ескерту! Видеода зорлық белгілері бар!

Еске салайық, Алматыда букмекерлік кеңсені тонау әрекеті видеоға түсіп қалған. Ұрылар мекемеге кіре салып, күзетшіні ұрып-саққан. Алматыда тонаушылар оңдырмай сабап тастаған букмекерлік кеңсенің күзетшісі Қайрат Елтімбаев шабуылдағандардың бірімен таныс екенін мәлімдеді.

37 жастағы ер адамның айтуынша, шабуылдаған үшеу күзетшінің қайда екенін бірден біліп, соған беттеген. Қаскөйлер қызметкерді темірмен ұрып, басын жарған. Елтімбаевтың қолы сынып, миы шайқалған. Басындағы бірнеше жараны дәрігерлер тіккен. 

Қайрат Елтімбаевтың айтуынша, дабыл батырмасы оның белбеуінде болған, бірақ шабуыл кезінде үзіліп, шетке қарай ұшып кеткен. Ер адамның оған қолы жетпеген.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде таралған болатын.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.06  course down  533.94  course down  5.31  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer