20 сәуір 2022 09:32

Алматыда ер адам ерлі-зайыптыға травматикалық тапаншамен оқ атқан

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов© Фото: Тұрар Қазанғапов©

Алматыда ер адам ерлі-зайыптыға травматикалық тапаншамен оқ атты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Алматыда ер адам ерлі-зайыптыға травматикалық тапаншамен оқ атты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Жетісу-4 шағынауданындағы ақша айырбастау пунктінде болған. Белгісіз біреулер ақша айырбастау пунктінен шығып бара жатқан ерлі-зайыптыға шабуыл жасаған. Тонау кезінде олардың сөмкесі бос болған. Бірақ ер адам олай болады деп ойламаған көрінеді.

"Ол травматикалық тапаншадан ерлі-зайыптыға оқ атқан. Абырой болғанда, ер мен әйелдің өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ", - деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Бұл ретте қарақшыны арнайы тергеу-жедел тобы іздестірген.

"Күдікті Жамбыл облысының 40 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол Жамбыл облысы ауылдарының бірінде ұсталды. Қазір ол Алматыға ауыстырылып, қамауға алынды. Қарақшылық шабуыл дерегі бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жалғасып жатыр", - деді Ұлан Әбілқайыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети