08 шілде 2020 14:14

Алматыда ер адам үш жасар баланы ұрып-соққан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық 32 жастағы ер адам бұрын бірге тұрған әйелінің үш жасар баласын соққыға жықты деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматылық 32 жастағы ер адам бұрын бірге тұрған әйелінің үш жасар баласын соққыға жықты деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде кішкентай баланың бүкіл денесінде көгергені түсірілген суреттер тарап жатыр.

Қазіргі уақытта баланың ауруханада екені белгілі болды. Оның қабырғасы сынып, гематомалар алғаны айтылады.

Алматы полиция күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Almaty/Astana?? (@megapolis.kz)

"Үш жасқа толмаған баланың, сондай-ақ оның анасының аты-жөні бірден анықталды. Бала шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді, қазір ол дәрігерлердің бақылауында. Сонымен қатар, дене жарақаттарының деңгейін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деді қалалық полиция өкілдері.

Полицияның баспсөз қызметінің мәліметінше, қылмыс жасады деген күдікпен 1988 жылғы ер адам - баланың анасымен бұрын бірге тұрған ер адам ұсталды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқаны айтылады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети