07 сәуір 2014 10:51

Алматыда есірткі саудасына қатысы бар төрт адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©СТВ ©СТВ

Өткен жексенбі күні Алматының Медеу ауданында - Жібек жолы және Пушкин көшелерінің қиылысындағы үйлердің бірінің ауласынан есірткі сатуға күдікті төрт адам ұсталды деп хабарлайды "СТВ" арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшілері.

Күдіктілердің жеке заттары мен автокөлігін тексеру барысында үш үлкен қапшыққа салынған марихуана табылды, оның жалпы салмағы - үш келіге жуық. Есірткі заты дозаларға бөлініп, газетке оралыпты. Күдіктілердің бірі жалдап тұрған пәтерден тағы да буылып-түйілген марихуана табылды. Тәртіп сақшыларының топшылауынша, ұсталған адамдар бұл пәтерді есірткіні тарату және сату үшін ғана жалдап тұрған.

Күдіктілер Медеу аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілді. Ұсталғандардың екеуі бұрын сотталған. Олардың бірі бес уақыт намаз оқитынын айтты. Бірақ экстремистік топтарға қатысым жоқ деп отыр. Тергеу жүргізіліп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети