Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Алматыда жалған ақша тарады

22 Маусым 2015, 11:21
0
© Алматы облыстық МКД экономикалық тергеу қызметі
© Алматы облыстық МКД экономикалық тергеу қызметі
© Алматы облыстық МКД экономикалық тергеу қызметі
© Алматы облыстық МКД экономикалық тергеу қызметі
© Алматы облыстық МКД экономикалық тергеу қызметі
© Алматы облыстық МКД экономикалық тергеу қызметі

Алматыда жалған ақша тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық мемлекеттік кіріс департаментінің экономикалық тергеу қызметіне сілтеме жасап.

Департаменттің мәліметінше, Алматы облысында жалған ақша жасаумен айналысқан Қазақстан Республикасының 1994 жылғы азаматы, Өзбекстанның 1992 және 1994 жылғы азаматтары ұсталды. Олар соңғы 3 айда Алматы қаласы мен Алматы облысының аумағында 2000 теңгелік ақшаны қолдан жасап, өткізіп, сақтап келген.

"Ұсталған азаматтардың тұрғылықты жерін тексеру барысында жалпы сомасы 450 мың теңге, яғни 2000 теңгелік 225 купюра, А4 форматындағы 11 қағаз бен түрлі түсті етіп басып шығаратын HP мен Canon маркалы екі принтер тәркіленді. Күдіктілер қамауға алынып, тиісті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлайды департаменттегілер.

Айта кетейік, енді мамандар жалған ақшалардың номерлері арқылы қолдан-қолға өткен жалған ақшаның қалғанын анықтайды. Тәжірибе бойынша, жалған ақша ұсақ сауда орындарына өткізіледі, мысалы дүкендерде, базарларда және жанармай құю бекеттерінде. Көбінесе қолдан 2000, 5000 және 10 000 теңгеліктер жасалады.

 

 

 

 

 

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай