02 желтоқсан 2022 12:25

Алматыда жанармай құю бекетін тонаған күдіктілер ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматыда жанармай құю бекетіне шабуыл жасаған күдіктілер анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Алматыда жанармай құю бекетіне шабуыл жасаған күдіктілер анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарақшылар 100 мың теңге мен екі телефонды қолды қылған.

"Жанармай құю бекетіне жасалған қарақшылық шабуыл түнгі сағат екіде болған. Бетперде киген екі адам қолдарында шеге суырғыш және балтамен жанар-жағармай құю бекетіне кіріп, кассир мен күзетшіні артқы бөлмеге қамап, қызметкерлердің телефондары мен кассадағы ақшаны ұрлап кеткен. Шабуылдаушылардың барлық әрекеті бейнебақылау камераларына жазылып қалған. Күдіктілер сол күні анықталып, қамауға алынды. Олар – 23 жастағы Т. есімді және 22 жастағы М. есімді ер адам. Бұл дерек соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді", – деді Медеу аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Елнұр Құдіретбаев.

Қаскөйлер – басқа жақтан келгендер. Олар Алматыға жұмысқа орналасу үшін келген, бірақ ақша табудың бұдан басқа оңай жолын ойлап таппаған. Шабуылдаушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция қызметкерлері олардың жеке басын, бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексеріп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети