Алматыда жедел жәрдем қызметкерін ұрып-соққан ер адам ұсталды. Ол Алматы қаласының тұрғыны, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.
Алматыда жедел жәрдем қызметкерін ұрып-соққан ер адам ұсталды. Ол Алматы қаласының тұрғыны, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, 28 қарашада Наурызбай аудандық соты ІІБ тергеушісінің 38 жастағы жергілікті тұрғынын қамауға алу туралы өтінішін қанағаттандырды.
Сонымен қатар, баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, қылмыстық істің алғашы процессуалдық шараларын жүргізу кезінде сотқа дейінгі Бірыңғай реестрінде бастапқыда бұзақылық дерегі бойынша тіркелген іс бұдан да ауыр қылмыс ретінде - "Адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша қайта тіркелді.
Еске салайық, оқиға 26 қарашаға қараған түні Наурызбай ауданының жеке секторында болды. Қызмет көрсетуде ер адам жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуылдап, олардың бірінің басына кірпішпен соққы жасаған. Зардап шеккендердің бірі ауыр жағдайда ауруханаға түсті. Ол ес-түссіз күйде жансақтау бөлімінде жатыр. Шабуылдаған ер адам ұсталды.
Айта кетейік, оқиғадан кейін Алматыда жедел жәрдем дәрігерлерінің төтенше жиыны өтті. Дәрігерлер болған оқиғаға байланысты наразылық танытып, шақыруларға шығуға қорқатынын мәлімдеді.